Алматы облысында жастардың кәсіп ашуы үшін «Zhasproject» жобасы аясында 1 миллион теңге грант беріледі. Қайтарымсыз қаржы өз ісін бастаймын деген азаматтар үшін үлкен қолдау болмақ. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өңірлік Азаматтық Альянсы президенті Балжан Досалы хабарлады. Айтуынша, бұл жоба ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсат – жастарды қолдауға, оларды дамытуға, кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешуге арналады. Грант иеленуге тың идеялар мен жобаларды іске асыруға ниетті 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың мүмкіндігі бар. Айта кетейік, «Zhasproject» жобасының нәтижесі қарашаның 10-ы күні жарияланады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.