Алматы облысында жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген 68 мың гектар жер алқабы аманаттықтардың араласуымен мемлекет меншігіне өткізілген. Бүгінде жайылымдарды ауыл тұрғындарына беру мақсатында жер-кадастрлық құжаттаманы ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезектен тыс отырысында айтылды. Осы жолғы шара Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналып отыр. Президент бұл құжатында партиялықтардың жобаларына қолдау білдіріп, Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырған. Бұл шешім саяси ұйымға тың серпін берді. Толығырақ тілшіміз Әмина Құдайберген тарқатып айтады
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.