Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сингарулық «CPG International» өкілдерін қабылдады. “CPG Сorporation” компаниялар тобына кіретін инженерлік консультациялық компания 1990 жылы құрылған. Инфрақұрылымдық жобаларды жобалау, салу және басқару қызметтерін көрсетуге маманданған. Азиядағы ең ірі компанияларыді бірі болып саналады. Әлем бойынша 20 елде өздерінің филиалдары бар. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында да жұмыс бастағысы келетін ойлары бар. Сондықтан да, өңір басшысымен кездесті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.