Жетісу облысында ішімдік ішіп, өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіретін азаматтар азаймай тұр. Ащы суға сылқия тойғандар бір-бірімен жанжалдасып, соңы өлімге әкелген жайттар жетерлік. Былтыр дәл осы тоқсанда мас күйде жасалған 36 қылмыс тіркеліпті. Биылда сол шамалас. Одан бөлек тонау, алаяқтық, бөтенннің мүлкіне қол салу фактілері де жиі кездеседі. Қоғамның тыныштығын бұзғандармен күрес қалай жүріп жатыр?
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.