Аспантаулар аясын тұлпарлар тұяғы дүбірге бөледі. Әйгілі Қарасаздың қойнауында жыл сайынғы дәстүрге айналған республикалық «Жетісу» жүйрігі енді «Жолан жүйрігі» болып атбегілердің басын қосты. 75 шақырымдық «ұлы дала жорығына» ат айдалып, алғаш келген бес жүйрік жүлделі болды. Ал «аламан» мен «топ» бәйгеге басына қос бірдей темір тұлпар тігілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.