Халық қалаулысы атағына ие болды. Алматы облысынан бір мандаттық сайлау округі бойынша ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған екі кандидат 19 наурызда көп дауыс жинап жеңіске жетті. Жалпы Алматы облысынан парламенттің төменгі палатасына үміткер 25 кандидат болған еді. Бүгінгі күні бір округтік мандат бойынша өңірден Ардақ Назаров пен Данияр Қасқарауов депутаттыққа сайланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.