Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті. Осы жобаның арқасында 20 мың адам қаржылық сауаттылығын арттырған. Олардың басым бөлігі 10 және одан да көп несие алғандар екен. Президент бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсеткенін айтты. Сондықтан, Үкіметке саяси партиямен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырып, оның ауқымын кеңейтсін деді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қарызсыз қоғамның» игілігін бүкіл ел көруі қажеттігін баса айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.