Біреу өлді десе, бәзбіреулер үйінің емес, асы берілетін мейрамхананың мекен-жайын сұрайтын болған. Жетісу облысының бас имамы Алмас Данағұлов осылай деп ренжіп отыр. Қазаға шынайы ортақтасу маңызды, -дейді. Бүгін Талдықорғанда “Ас беру мәдениеті” атты жиын өтуіне ұйытқы болды. Басқосуға аудан-қалалардан мешіт имамдары шақыртылды. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.