«Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін». Жүйеде 25 жыл үздіксіз жұмыс істеген педагогтар үшін жаңа төсбелгі беріледі. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жетісулық педагогтармен кездесуінде айтты. Сонымен қатар, министр мұғалім мәртебесін арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мекемелерімен қамту, білім-тәрбие сапасын көтеру мәселелеріне жіті тоқталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.