“Референдум нәтижесі – саяси жаңғырудың нағыз символына айналды”. Бүгін сағат 20.00-де референдум қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасаған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Референдум жоғары деңгейде өткеніне тоқталды. “Мемлекет дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Халық өз таңдауы арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға дайын екенін көрсетті”, деді. Барша Отандастарды жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






