Талдықорғанда ауыл шаруашылығын дамыту бойынша арнайы семинар-кеңес өтті. Саланы өркендетуге арналған жиынға еліміздегі ғылыми зерттеу институтының өкілдері арнайы келіп, жаңа технологияларымен таныстырылды. Онда мал, өсімдік және элиталық тұқым шаруашылықтарын көбейту мәселелері қызу талқыланды. Сонымен қатар химиялық өңдеусіз өнім өндіру мәселелері де қаралды. Аграрлық аймақ үшін маңызды жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.