Қазақтың өмірі малға байланған. Сондықтан ауылшаруашылығы саласын көтеріп, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту қажет. Бұл туралы Алматы облысына келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров айтты. Іссапары барысында халық қалаулысы Талғар ауданы тұрғындарымен жүздесіп, олардың базынасын тыңдады. Халық мұң-мұқтажын кезек-кезек айтып, қордаланған проблемаларын жеткізді. Көбіне сауалдар инфрақұрылым, әлеуметтік және мәдениет саласы төңірегінде болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.