Жол жоқ. Қоғамдық көлік жетіспейді. Жайылым тарлық етеді. Талғар ауданындағы Өстемір ауылының тұрғындары,- осылай деп дабыл қағып жатыр. Мәселені жетер жеріне жеткізу үшін біздің арнамызға хабарласты. Шағым айтып. Халық пен билік арасындағы көпір болғандықтан біздің түсірілім тобы арнайы барып, мән-жайды анықтауға тырысты. Шешілер деген сеніммен.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.