Биыл Жетісу облысында “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 денсаулық сақтау объектісі іске қосылады. Яғни, 5 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт жұмысын бастайды. Сондай-ақ, облыста 3 денсаулық сақтау нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров айтты. Ол баспасөз алаңында өткен жылға есеп беріп, биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.