Баға ырық бермей тұр. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстау мен тұрақтандыру жөніндегі үкімет тапсырмасын орындау – Алматы облысы әкімінің басты назарында. Бұл бағытта аз уақытта көп іс атқарылды. Өңірде қызығушылық танытатын және қолдау көрсететін бизнес орта құрылды. Қонаев атындағы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанындағы арнайы тұрақтандыру қоры бағаны ұстап тұру жұмыстарын жүргізуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.