Алты алаштың баласы бас қосса, төр-мұғалімдікі. Мұны Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев өткен ғасырда айтқан. Қанша уақыт өтсе де, ұстазға құрмет толастамайды. Оған Балқаш ауданындағы педагогтерге арнап ашылған белгітас дәлел. Бүгін осыдан 50 жыл бұрын мектеп қабырғасынан ұшқан түлектер өздерін оқытқан ұстаздарға осындай сый жасады. Өмірден өткендерге құран бағыштап, рухына тағзым етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.