Биыл Балқаш ауданындағы Саз мектебінің құрылғанына 10 жыл толды. Осыған орай, білім ошағының ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, ауқымды семинар өткізді. Шараға облыстағы қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері қатысып, білім берудегі тың тәсілдерді үйренді. Айта кетерлігі, шара Алматы облыстық білім басқармасы бастамасымен өткізіліп отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.