Балқаш демалыс аймағында туристер үшін жағдай жақсарып келеді. Биыл үш бірдей коммуналдық жағажай ашылмақ. Оның бірі таяуда ғана іске қосылса, екіншісі тек балалардың демалысына арналады. Ал үшіншісі ұлттық нақышта бой көтермек. Бұдан бөлек, шипажайға келетін жолаушылар үшін ғасыр бұрын салынған ескі теміржол бекеті бұзылып, орнына заманауи вокзал тұрғызылып жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






