Бартоғай су қоймасының 60 пайыз суы кәдеге жарамай, жерге сіңіп кетіп жатыр. Ал жаз айларында етектегі диқандар тіршілік нәрінен тапшылық көреді. Қайтпек керек? Өңірге арнайы іс сапармен келген сенатор Жанболат Жөргенбаев шаруаларға су үнемдеу технологиясын кеңінен қолдануды ұсынды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.