Маңызды саяси науқан облыс орталығында да қызып тұр. Сайлау учаскесіне денсаулығына немесе жасына байланысты келе алмайтын азаматтар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Осыған орай комиссия мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайыновтың шаңырағына арнайы келді. Ерекше айта кетерлігі, 103-тегі қария бірде бір сайлаудан тыс қалған емес. Жүз жасына дейін сайлау учаскесіне өз аяғымен барып, дауыс беріп жүрген. Қоғам өмірінен шет қалмайтын, ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтың бұл ұстанымы кейінгі ұрпаққа үлгі. Бүгінде денсаулығына байланысты дауыс беру үй жағдайында ұйымдастырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






