Шоқан музейі, кесенесі мен ескерткіші жөнделіп, жаңғыртылады. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданына жұмыс сапарында қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың зират басына барды. Тарихи орынға келетін туристер үшін кесенеге апаратын 6,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Оған 278 млн. теңге қаржы бөлінген. Өңір басшысы бұдан өзге күреңбелдегі бірнеше нысанды аралады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.