Талдықорған қаласының “Инватакси” қызметін пайдаланатын жандар үшін ақжолтай хабар. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап 3 жаңа автокөлікті сыйға тартты. “Инватакси” көлігінің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды. Сонымен қатар, аймақ басшысы өзге де әлеуметтік нысандарды аралады. Жұмыс барысын бақылап, жауаптыларға тапсырма берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.