“2024 жылдан бастап, аудан әкімдерін жергілікті халық сайлайды. Сондықтан, іс басындағы әкімдерге ағымдағы жылы іскерлігін мейлінше көрсетіп қалу абзал. Өкінішке қарай, облыс әкімімен кездесулерде жергілікті халық аудан деңгейінде шешім таппаған проблемаларды көтереді. Себебі – айтпаса да түсінікті…Халық талабының көптігі – әкім жұмысы нәтижесінің жоқтығы”… Бұл – Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың ой пайымы. Аудандарға шығып, тұрғындармен жүйелі кездесіп жүр. Кезекті кездесуі Сарқанда өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.