Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Панфилов ауданына жұмыс-сапарымен барды. Барысында «Бекет-2023» ведомствоаралық оқу-жаттығуына қатысты. Таулы аймақтарда мұздықтардың еру барысын бағамдады. Көктал -Жаркент тас жолының құрылысымен танысты. Сондай-ақ”, Қорғас шекара маңы ынтымақтастық орталығының ашылу кезеңіне дайындығын көрді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.