Биыл 200 мыңға жуық қазақстандық шетелге жұмыс іздеп кеткен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, отандастарымыз өзге мемлекеттерге негізінен жоғары жалақы табу үшін барады. Мамандар былтыр да шетелге екі қолға бір күрек іздеп кеткендердің саны осы шамада болған дейді. Дегенмен, қазақстандықтар өзге елдің азаматтығын алмаған екен. Ал білім алуға барғандардың саны 20 мыңнан асқан. Есесіне осы жылы елге 13 мыңнан астам қандас көшіп келген. Оның 8,5 мыңы еңбекке қабілетті азаматтар. Сондай-ақ министрлік өкілдері жұмыс күші тапшы өңірлерге барған 224 отбасы баспаналы болғанын айтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.