Жер дауы шешілді. Бостан ауылының тұрғындары “Алатау Дейри” компаниясынан өз телімдерін қайтарып алатын болды. 16 жыл бұрын ауылдарына ірі инвестор келіп, қарашаны қарық қыламын депті. Халық сеніп, қолында барын берген. О баста бәрі ойдағыдай болғанмен, уақыт өте келе, компания өз міндеттемелерін орындай алмаған сыңайлы. Сотқа дейін жеткен істе соңғы нүкте қойылғандай. Кербұлақ ауданының әкімі жиын өткізіп, керісіп жүрген екі жақты келісімге келтірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.