Жетісу облысына 2025 жылға дейін 59 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны ашылады. Жетісу жұртшылығымен кездескен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді. Елдің бас дәрігері алдымен бірнеше медициналық ұйымдарды аралады. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, арыз шағымдарын тыңдады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.