Наурыз –жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңге жайған бұл мейрам береке мен бірліктің, татулықтың нышанына айналған. Жер ананың оянатын шағына тұспа тұс келген Ұлыстың ұлы күнін Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындары кең көлемде атап өтті. Қазақ үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойналды. Тұрғындар мәре-сәре болып, мерекелік концерттік шараға куә болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.