Ең үздік 10 жоба анықталды. Талдықорғанда таяуда үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен “Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі” байқаудың қорытындысы шығарылды. Аталған сайыс дәстүрлі. Өңірлік ішкі саясат басқармасы жылма-жыл ұйымдастырады. Топ жарған жеңімпаздар қайтарымсыз грант ұтып, тың идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.