Елімізде мұғалімдердің қағазбастылығы азайып, кәсіби міндетіне қатысы жоқ артық жұмыстардан босатылады. Мемлекет басшысы таяудағы халыққа Жолдауында білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды ерте анықтау және маман тапшылығын жою мәселелері бар. Сонымен қатар ұстаздардың құқығын қорғау мен қоғамдағы мәртебесін арттыруға да басымдық берілмек. Президенттің бұл бастамасын Ақсу жұртшылығы да қолдайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






