Елімізде жолаушылар вагондары жаңартылады. Көлік министрлігінің мәліметінше 2029 жылға дейін шамамен 1,2 мың вагон сатып алынбақ. Жалпы жолаушылар ғана емес Қазақстандағы темір жол саласы толық АПГРЕЙДТЕН \жаңару, жаңғыру\ өтпек. Бұл туралы Марат Қарабаев мәлімдеді. Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында теміржол жылжымалы құрамын және вагондар паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.