Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Оларға басты көмек көрсететін – патронажды қызмет. Яғни, арнайы мамандар жүкті әйелдер мен жас балалы отбасыға көмектеседі. Мәселен, биылғы 8 айда ғана медбикелер үйді- үйлерге барып, 1,5 миллионнан астам патронаждық қызмет көрсеткен.