Алматы облысында су тапшылығы мәселесін шешу қолға алынды. Енді өңірдегі шаруалар судан тарықпайды. Жаңадан құрылған «Алматыоблсушар» кәсіпорыны өз жұмысын бастады. Аясында өңір аймақтарындағы айналымнан шығып қалған суару жүйелерін қайта іске қосу қарастырылған. Қазір қызу жұмыс Еңбекшіқазақтағы ауылдық округтерде жүргізілуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.