Мал бар. Жайылым тар. Егістік алқап та жоқтың қасы. Бүгін Ақын Сара ауылының бір топ тұрғыны Ескелді аудандық әкімдігіне кеп, шағып айтып шырылдады. Ауыл айналасындағы 11 гектар жер бір заңды тұлғадан екінші заңды тұлғаға өтіп, тұрғындар игілігіне тимей жүр. Халық сотқа жүгініп, бірінің заңсыз алғанын дәлелдеп шыққанша, жер екінші бір шаруашылық құрылымның иелігіне өтіп кетіпті. Ақиқатын іздеген ауыл тұрғындары проблема шешілмесе, облыс әкіміне, тіпті Президентке дейін жазуға ынталы.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.