Ескелді ауданында “Көктөбе” жазғы демалыс лагері ашылды. Бірінші аусымда 120 баланы қабылдап отыр. Жасөспірімдер мұнда арнайы бекітілген бағдарлама бойынша мәдени, спорттық шараларға қатысып, бос уақытын тиімді өткізбек. Жалпы бұл лагер 600ге жуық баланы қамтитын болады. Оның 477сі әлеуметтік осал топтағы отбасыларына жатады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.