Үкімет еліміздегі барлық ескі автокөліктерді тізгіндеуге тыйым салмақ. Ескі көлікті ептеп жүргізіп жүргендерге айыппұлдың соммасы да бекітілді. 1 млн 400 мың теңге. Экологияға аса зиянды шығарындысы көліктерді анықтау үшін әр өңірде жергілікті экология департаменті мен құзырлы органдар бірлесе жұмыс жүргізбек. Тексеру нәтижесінде ауаны ластау көрсеткіші нормадан асып түссе, дереу шара қолданылады. Әзірге бұл пилоттық жоба. Айыппұлдың бағасы өсе береді. Өзі әупірімдеп жүрген жұрт бұл заңды қалай қабылдады? Қалтасы жұқа қараша енді қайтпек?
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.