Елімізде жүріп жатқан жалпыұлттық халық санағының онлайн нұсқасы белортадан асты. 1 айға жуық уақытта 6 млн отандасымыз санаққа егов сайты арқылы дерек беріп үлгеріпті. Солардың арасында сауалнамаға сын айтушылар баршылық. Өзге тілден тіке аударылғаны көзге ұрып тұр. Халыққа арналған қисынсыз сауалдар жайлы, әрі санақтың беталысы туралы тілшіміз Кәмшат Мұхаметжан баяндасын.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.