Іле ауданында талай жылдан бері қаңырап бос тұрған спорт кешені жөндеуден өтіп, қайта іске қосылды. Жаңарған нысанның ашылуына жергілікті әкімдіктен бөлек, ауыл тұрғындары, меценат-кәсіпкерлер өз үлестерін қосқан. Енді 2800 бала салауатты өмір салтына көшіп, түрлі спорт секциясына қатыса алады. Өйткені, бұған дейін ауылда жастар үшін бұқаралық спортпен айналысуға ешқандай мүмкіндік болмаған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.