Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Дөңгелек үстелде этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Облыста аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.