Үйлері өртеніп далада қалған отбасы көмек сұрайды! Осыдан бір апта бұрын, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы жас отбасының үйін тілсіз жау жалмаған. Күлі көкке ұшқан үйден түгі қалмапты. Аброй болғанда зардап шеккендер жоқ. Үй иелері екі баласын туыстарына жіберіп, өздері баспанасын қайта тұрғызу қамында жүр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.