Көлсайға келушілер көп. Пандемияға қарамастан биылдың өзінде 50 мыңға тарта турист демалып қайтқан. Бұл соңғы бес жылда демалушылардың саны бес есеге артқанын көрсетеді. Оған себеп – сапалы жол мен қолжетімді турлар. Айта кетейік, өткен аптада ғана “Көлсай көлдері” ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.