Жетісу облысында 125 кәсіпкерге заңсыз салық салынған. Мемлекеттік кіріс органдары бизнес өкілдеріне сыртқы жарнама үшін қаржы төлеуді міндеттеп келген. Талапты орындамаған азаматтардың мүлкіне тыйым салынып, банк шоттары бұғатталған. Бұл заңсыздықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандарының арнайы тексерісінен кейін анықталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.