Елімізде картоптың бағасы құбылып тұр. Әлеуметтік азық-түлік тауарлар тізіміне кіретін өнім құнының келісі аймақтарда 450 теңгеге дейін көтерілді. Баға көтерілуі Жетісу облысында да байқалды. Жергілікті билік “Екінші нан” санатты көкөністің бағасын тұрақтандыру мақсатында кешенді іс-шаралар қабылдай бастады. Аясында “Жетісу” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” қала аумағында шағын сауда нүктелерін ұйымдастырып, онда картоптың келісін 180 теңгеден сатып жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.