Облыстың дауыс беру учаскелерінде референдум штабтары ашылды. Жалпы, саяси науқан күні 468 учаске жұмыс істейді. Дайындық жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Талдықорған қаласындағы №4 орта мектеп базасында №407 референдум учаскесі жұмыс істейтін болады. Мұнда тұрғылықты мекенжайды растау кабинеті ашылған. Аталған учаскеге облыс орталығының бір жарым мыңнан астам тұрғыны тіркелген. Жалпы, Жетісу облысы бойынша сайлаушылар саны 437 мың адамнан асады. Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы қосымша хабардар етеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






