«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Кербұлақ ауданында 17 медициналық нысан салынбақ. 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік және 3 медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Қанат Есболатов БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.