Коммуналдық қызмет тарифтерін түзету және өңірдің туристік әлеуетін дамыту мәселелері қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды. Жиында Жетісу облысы тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелер көтерілді. Ашық диалог форматында өткен кездесуде кеңес мүшелері салалық мекемелер өкілдеріне тікелей сауал қойып, коммуналдық төлемдердегі бағаның қалай қалыптасатыны мен алдағы уақытта өңір инфрақұрылымында қандай өзгерістер болатыны жөнінде түсіндірме алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






