“Жеріңді жауға берме, еліңді дауға берме” деген бабаларымыз бірнеше жыл бұрын жаумен шайқасып, тойтарыс берген.Олар киелі жеріміз үшін, болашақ ұрпақтың бостандығы үшін аянбай күресті. Бүгінде батыр бабалардың есімі ұлықталып келеді. Ерлігі дәріптеліп, тарихы да айтылуда. Оның дәлелі күні кеше Кәлпе ауылында, Құланбай батырға ашылған құлыптас. Батыр бабаға ұрпақтары кесене орнатып, ауыл тұрғындарына ас берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.