Сәбіз және картоптың келісі 140 теңге. Пияз бен Қырыққабат 120 теңге. Күріш 340 болса, қант 420 теңге. Ия, қымбатшылық қысқанда мұндай баға қайда бар? Бұл әлеуметтік дүкендердегі баға. Жуырда ғана Талдықорғанда облыс әкімінің бастамасымен әлеуметтік дүкендер ашылған болатын. Бүгінде қала бойынша үш дүкен, халық игілігі үшін жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінде де тағы бір дүкен іске қосылған. Аталған сауда нүктелерінде күнделікті тұтынатын азық-түліктің арзандатылған бағада 18 түрі бар. Ал, жалпы нарықтан қаншалықты арзан және сапасы қалай? Тауардың қоры жеткілікті ме?
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.