Инфляцияның ең жоғары өсімі Алматы облысында тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің 9-ы қымбаттаған. Бұл туралы әкімдіктегі жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы хабарлады. Отырыста әлеуметтік-экономикалық даму бойынша 1-ші тоқсан қорытындыланды. Жиында Марат Елеусізұлы жаңа орынбасарын таныстырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.