Алматы облысы мектептерінің 12 пайыздан көбі үш ауысымда оқып жатыр. Бұл өңірдің білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселені “Жайлы мектеп” ұлттық бағдарламасы арқылы шешу жоспарланған. Мемлекет басшысының бастамасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында бүкіл республика бойынша төрт жүзден астам орта білім беру мекемелерінің құрылысы жоспарланған. Бұл қажеттіліктерге республикалық бюджеттен 2,5 триллион аса қаржы бөлінген. Бұл жобадан Алматы облысы да құралақан емес.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.